Шымкент полицейлері көшеде атыс-шабыс ұйымдастырған жасөспірімдерді ұстады

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент полицейлері қылмыстың ізі суымай тұрып, тапа-тал түсте көшеде атыс-шабыс ұйымдастырған үш жас азаматты ұстады.
None
None

Қалалық жәдел жәрдем ауруханасының қызметкерлері оларға үш бірдей адамның: 17 жасар жігіт пен 11 және 13 жасар екі қыз баланың бытыра жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы полицияға хабар берді. Жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алған полицейлер, бір топ қарулы жасөспірімнің көшеде атыс-шабыс ұйымдастырғанын анықтады. Үш адамды жаралаған олар «ВАЗ-2109» көлігіне мініп, оқиға орнынан іздерін жасырған.

«Дереу жүзеге асырылған «Тосқауыл» операциясының барысында қаланың барлық көшелері жабылды. Полицейлер бірнеше сағаттан кейін күдіктілердің барлығын қолға түсірді. Олардың барлығы - қала тұрғындары», - дейді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Ақмаржан Мырзахметова.

«Күдіктілер осының алдында керісіп қалған өз таныстарын қорқытқысы келгендерін айтып отыр. Олар әлгі таныстарына қаратып оқ атқан кезде, кездейсоқ тағы екі қызбалаға тиіп кеткен», дейді дерек көз.

Заттай айғақ ретінде 16 калибрлі екі оқпанды 2 шолақ мылтық және «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігі тәркіленді. Ұсталған үшеудің біреуі - 18 жастағы азамат - қамауға алынды, қалған 16 және 17 жастағы екеуі еш жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Олардың барлығы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар