08:49, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
«Шымкент-Самара» автожолында екі автобус соқтығысып қалды, 8 адам зардап шекті
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - «Шымкент-Самара» автожолында жолаушыларды тасымалдаушы екі автобус соқтығысып қалды, құрбандар бар,
деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, наурыздың 30-ы күні түсте Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Ш.Қодаманов елді мекенінің маңайынан өтетін күре жолдың 312-ші шақырымында жолаушыларды тасымалдап келе жатқан «Ванхол» және «Сетра» автобустары соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан екінші автобустың 8 жолаушысы зардап шекті: 30 жастағы әйел оқиға орнында жан тәсілім етсе, 7 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Жарақаттанғандар алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін жолдарын жалғастырды.