Шымкент сауда-логистикалық орталығы 4 жобаны жүзеге асыруда

Бұдан басқа биылдың өзінде жалпы ауданы 43,3 мың шаршыметрлік 11 қойма пайдалануға берілмек. «Бұл орталықты уақытында атқару керек, - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. - Бұл орталық біздің әлемдік нарыққа шығуымызға мүмкіндік береді, өйткені біз ауыл шаруашылығына бағдарланған өңірміз ғой».
Сауда-логистикалық орталық құрылысы мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жылына 700 мың тонна өнімді экспорттайды. Қазіргі кезде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңгенің инфрақұрылым құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-логистикалық орталыққа «Батыс Еуропа-Батыс )ытай» күрежолымен қосылатын жол, ұзындығы 0,7 шақырымдық теміржол тұйығы, қуаты 10 кВт электр стансасы салынады, газ бен су тартылуда.
2016 жылға дейін сауда-логистикалық орталықта 8 жоба іске қосылады, оған 24 млрд. теңге инвестиция тартылмақ.