Шымкент əуежайында Duty Free дүкендері ашылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Əлемге əйгілі тауарлары салықсыз сатылатын Duty Free дүкендері Шымкент əуежайында да ашылуы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, «Airport Management Group» ЖШС компаниялары баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Холдинге кіретін əуежайлар арасында салықсық тауарлар дүкені Шымкент қаласында ашылуы ықтимал. Себебі, халықаралық бағытта ұшатын жолаушылар саны артып келеді», - деп хабарланған компанияның ресми жауабында.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласының əуежайында жаңа терминал салынады. Бірақ, қазір бұл жоба тек əзірлену үстінде. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 18 мың шаршы метрді құрайтын жəне сағатына 600 адамды қабылдай алатын жаңа жолаушылар терминалы жоспар бойынша 2016-2017 жылдары аяқталады. Жобаның екінші кезеңінде терминал 16 мың шаршы метрге дейін кеңейтіледі.

«Жаңа терминал базасында көлік-логистика орталығымен бірлесе отырып, əуе-логистикалық хабты дамыту көзделіп отыр. 2030 жылға қарай Шымкент қаласында салынатын жаңа терминал арқылы жылына 3 млн жолаушы жүріп-тұра алады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар