Шымкентте «Ашық есік күні» бизнес-форумы өтті

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында «Самұрық-Қазына» қорының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» бизнес-форумы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Қордың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда «Самұрық-Қазына» қорының делегациясы, яғни қордағы отандық кәсіпкерлікті қолдаумен айналысатын даму институттарының және компанияларының өкілдер кәсіпкерлікті қолдаудағы Қор тобы ұсынып отырған құралдармен таныстырған. Форум кезінде Қор өкілдері кәсіпкерлер мен даму институттары ынтымақтастығы арасындағы кездесетін кейбір түйткілді мәселелерді талқыланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі күні Қор құрамындағы компаниялар 146 инвестициялық жобаны қаржыландырып отыр. Оның 96 жобасы пайдалануға берілді. Қазір осы өндірістерде 20 мың жұмыс орны ашылды. «Даму» Қорының арқасында орта және шағын кәсіп саласындағы 8,5 мың субъект қолдауға ие болып, 26 000-нан астам жұмыс орны ашылды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеевтің айтуынша, Даму институттарының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманға сай тоқыма кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр, олар қазір ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да өнім шығарумен айналысады.

Айта кетейік, қазір елде сегіз даму институты болса, соның бесеуі «Самұрық-Қазына» қорының құрамында. Олар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстан даму банкі, Қазақстан инвестициялық қоры, Kazyna Capital Managment, Мемлекеттік экспортты сақтандыру корпорациясы.

Соңғы жаңалықтар