Шымкентте аулаларда кенелерге қарсы зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізетін арнайы бригада құрылды
деп хабарлады қала әкімдігінен.
Бригада қала басшылығының бастамасы бойынша және адам өмірі үшін қауіпті қырым қанды безгегі вирусын тасымалдаушы кенелердің облыс аумағында кең тарап кетуіне байланысты ұйымдастырылып отыр. Зарарсыздандыру бригадасы Шымкент тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде, әкімдік бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпараттарына хабарлады.
«Кенелердің пайда болу фактісі туралы хабарлау - әрбір тұрғынның борышы. Бұл үлкен проблема және біз қырағылық танытуымыз қажет. Қалада кене болмауы керек», - дейді Шымкент әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.
Аулалар мен қораларды кенеге қарсы зарарсыздандыру шаралары облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.
Айта кету керек, маусым басталғалы бері өңірде осынау қауіпті инфекцияны жұқтырудың 8 оқиғасы тіркеліп, 2 адам қайтыс болған.