Шымкентте «Бекжан» базарындағы өрттен кейін ер адамның мәйіті табылды

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Құралай Тоқтарбекқызының айтуынша, отқа оранған базардың аумағында ер адамның қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, ол тауарын құтқармақ болған базардағы дүңгешіктердің бірінің иесі болуы мүмкін.
Бүгін «Бекжан» базарының иесі Әмірхан Шүменов зардап шеккен адамдармен кездесті. Ол базарды 15 кәсіпкерге жалға бергендігін айтты. Шүменовтың сөзіне қарағанда, ол өрт туралы бүгін сағат таңғы 5-те білді.
Базардың иесі мен облыс әкімінің орынбасары Болатбек Әлиев адамдармен кездесуде келтірілген шығынның есептеліп, салық ретінде жиналған қаражат қайтарылатынын мәлімдеді.
Бүгін Шымкент әкімдігінің өкілдері және Шымкент әкімінің орынбасары Гүлнар Құрманбекова атап өткендей, «Бекжан» базарының саудагерлеріне Шымкенттің басқа базарларынан жеңілдетілген бағамен орындар берілетін болады. Дегенмен адамдардың алаңдаушылығы сейілмей тұр, олардың басым бөлігі Шымкенттің көшелерінің бірін жауып тастамақшы болған. Олармен кездесуге қала әкімі Қайрат Молдасейітов келді. Ол сондай-ақ саудагерлер шенеуніктердің қолдауынсыз қалмайтындығын қадап айтты.