Шымкентте белгісіз біреулер жеке үйге кіріп, иелерін тонады

ШЫМКЕНТ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкентте тұратын әйелдің үйіне таңғы сағат 4-те белгісіз біреулер басып кірді.
None
None

Олар үй иесі әйелді, оның 17 жасар ұлы мен 20 жастағы жиен-қызын скотчпен байлап тастады. Қаскөйлер үйді тінтіп, алтын бұйымдарды, ақшаны, телевизорды, үш ұялы телефонды алып, автомобильді қуып кетті. Келтірілген шығын 1,5 миллон теңгеден асады.

Осы қылмысқа күдіктілерді Әл-Фараби АІІБ полицейлері ұстады. Үйге шабуыл жасаған 6 адам, Түлкібас және Ордабасы аудандарының тұрғындары күдіктелуде. Олардың бесеуі кісі тонау, ұрлық және есірткі үшін сотталған.

Айғақ заттары ретінде полицейлер ұрланған заттарды, автомашинаны, телевизорды және бір ұңғылы шолақ мылтықты тәркіледі.

Полицейлер биылғы жылы наурыз айында олардың осындай қылмысқа қатысын анықтады. Ол кезде күдіктілер осы әдіспен, тапаншамен және пышақпен қаруланып, үйге кіріп, 3 ұялы телефонды және алтын бұйымдарды алып кетіп, миллион теңгеден астам шығын келтірген болатын. Қазіргі кезде полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысын анықтауда.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар