20:22, 09 Қараша 2012 | GMT +5
Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы: тежегіші істемей қалған автобус 3 көлікті жайратты, тағы алтауы бүлінді (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында жол апаты болды. Жолаушылар автобусы үш көлікті қиратып кетті, тағы алты автомобиль бүлінді.
Апат екі көшенің қиылысында орын алды. Оның куәгерлерінің айтуынша, 42-ші бағдар бойынша жүріп келе жатқан автобус жүргізушінің басқаруынан шығып кеткендей болды. Көлік құралының жолаушылары автобустың тежегіші істен шыққанын, қолмен басқарылатын тежегіш те істемегенін айтады.
Қираған көліктердің көптігіне қарамастан жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек бір жолаушы әйел мен қоғамдық көліктің жүргізушісіне медициналық көмек қажет болды.
Бұл апаттың мән-жайларын тергеушілер анықтайтын болады. Сондай-ақ қоғамдық көліктің бағдарға неліктен істемейтін тежегішпен аттанғаны анықталады.