Шымкентте дағдарыс кезінде ұлттық экономиканы дамытуға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Шымкентте дағдарыс кезінде ұлттық экономиканы дамытуға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференция барысында мамандар оңтүстік аймақтың экономикасын дамытудың келешектегі бағыт-бағдарын айқындады. Алдын ала жүргізген мониторинг көрсеткендей, биылғы жылы 152 мың оңтүстікқазақстандық жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қамтамасыз етуді қажет етеді. Осыған байланысты, облыс басшылығының қолында биылғы кезеңдегі қиындықты еңсеруге арналған бағдарлама бар. Айтар болсақ, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 43 011 жұмыс орыны, 12 127 әлеуметтік жұмыс орыны ашылады және жастардың оқу-өндірістік практикасы бойынша 7 218 адам жұмыспен қамтылмақ. Еңбекке орналастырудың облыстық бағдарламасы бойынша 70 000 адам еңбекке тартылып, ақылы тұрақты қоғамдық жұмыстар атқарады. Бұдан басқа, білімі жоқ немесе мамандықтарына дәл қазір сұраныс болмай отырған азаматтарды қайта даярлықтан өткізу үшін 140 млн. теңге қарастырылған. Облыстың тұрмысы төмен 19 373 тұрғыны әлеуметтік төлемақы алатын болады, оларға арналған соманың көлемі 710 млн. теңге.
Соңғы жаңалықтар