Шымкентте экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтеді

КЕНТ.  Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -   Бүгін Шымкентте  Үкімет мүшелерінің, Парламент  депутаттарының  және  Оңтүстік Қазақстан  облысының   бизнес-құрылым   өкілдерінің  қатысуымен   экономиканы   жаңарту  мәселелері  жөніндегі мемлекеттік комиссияның  көшпелі  отырысы    өтеді.
None
None

Әкімдіктің    баспасөз қызметінен   хабарлағандай,     түске  дейін  «Химфарм» акционерлік   қоғамында  өтетін кеңесте    серпімді   индустриялық    даму  бағдарламасы аясында фармацевтикалық    саланы  дамыту  мәселелері   қаралады. Мәжіліске   Үкімет басшысы    Кәрім Мәсімов  қатысады  деп   жоспарлануда.

Ал түстен кейін   отырыс   «Алтын  Орда»  бизнес-орталығында  жалғаспақ.  Онда агроөнеркәсіптік   кешен мен туристік кластерді дамыту  мәселелері   сөз болады.   Сондай-ақ     бүгінгі  бағдарламаға облыстың  индустриялық   нысандарын  аралау  шарасы    енгізілген.

Соңғы жаңалықтар