12:13, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Шымкентте ЭКСПО-2017-де ұлттық брендке айналуы мүмкін түрлі-түсті құрт әзірленді
ШЫМКЕНТ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Шымкент колледжінің студенттері мен оқытушылары құрттың жаңа түрін ойлап шығарды. Бұл оқу орнында болашақ аспазшылар мен кондитерлер даярланады.
Идея авторы - 6 колледждің бірінші курс қатысушысы Ажар Аштан. Оның ұсынысын ұстаздар қолдап, соңына дейін жеткізді. Колледж инновациялық көрмеге әзірленіп жатты және оларға ұшқыр жоба қажет болды. Нәтижесінде қазылар алқасының назарына тың әзірленімдер ұсынылды.
Ұлттық өнімге түрлі реңк беру үшін тек табиғи өнімдер қолданылады, оның ішінде қызылшаның және сәбіздің шырыны, жаңғақтың дәндері бар. Нәтижесінде өнім жасыл, алқызыл, сары және қызыл түсті иеленеді.
Жаңартылған өнім үшін колледж басшылығы болашақта патент алмақ. Білім ордасының директоры Рахима Қожамжарова түрлі-түсті құрт ұлттық брендке айналып, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде еліміздің мақтанышы болатынына сенімді.