15:34, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Шымкентте хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі хайуанаттар бағына амурлық жолбарыс әкелінді. Бақ қызметкері Айсұлу Жұтшыбаеваның айтуынша, аталмыш аң әзірге кішкентай, ол небәрі 11 айлық.
«Барысты күніне бір рет қоректендіреміз. Ол бір жегенде, 7 келіге жуық ет жейді», - деді ол.
Жаңа Шерхан есімді жолбарысты оның тұқымын тарату үшін Молдавиядан әкелді. Шымкенте оны Мая, Жеңіскүл атты аналықтар күтіп алды. Шерхан шамалы өскеннен кейін, ол аналықтармен бірге бір торда тұратын болады.
Амурлық барысты сатып алғанын қызметкерлер өте ұтымды мәміле деп отыр, өйткені бұл аң Қызыл кітапқа енгізілген. Әлем бойынша саны 500-ге жуық қана.