Шымкентте қалың қардан дельфинарийдің төбесі түсіп кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте гастрольдік сапар аясында Қажымұқан атындағы стадионда орын тепкен дельфинарийдің төбесі жауған қарды көтере алмай төмен түсіп кетті, деп хабарлайды tvk.
None
None

Куәгерлер уақытша құрылған шатырдың төбесі жауған қарды көтере алмай түсіп кеткен сәтін фотоға түсіріп алған. Ал су жануарларының жапа шеккен-шекпегені жайлы мәлімет жоқ.

Мәскеу дельфинарийі Шымкентке тамыз айында келген. Әуелгі жарияланған жарнамада олардың 1 айлық кестесі ілінген. Кейін белгісіз себеппен олар екі айға қалып қойған.

Бұған дейін Шымкентте қалың қар түсіп, ағаштар құлап жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Тіпті, қаланың кейбір аудандары қардың кесірінен жарықсыз қалған.

Соңғы жаңалықтар