Шымкентте қайынатасы келінін пышақтап тастады

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қайынатасы келінін пышақтап тастады. Асхана пышағынан жарақат алған әйел қазір ес-түзсіз ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз оқиға Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының аумағында болған. Осы ауданның 30 жастағы тұғыны полиция бөліміне арызданып, өзінің әкесі әйелін пышақтап тастағанын көрсеткен. Оқиға орнына жеткен полицейлер келіні мен қайынатасының арасында жанжал туындағанын анықтайды. Салдарынан  57 жастағы қайнатасы келініне бірнеше рет пышақ сұғып, өшін алғысы келген. 

Нәтижесінде 1986 жылы туған келіні үш жерінен жарақаттанып, ауруханаға түсті.  Қазіргі таңда жәбірленуші жансақтау бөлімінде ес-түзсіз жатыр. Күдікті ретінде қайынатасы  қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 24-96 «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша із қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум