Шымкентте Қазақстанның барлық облысынан келген санитарлық дәрігерлер қырым қанды безгегіне қарсы күрестің әдістерін талқылады

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 12-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің көшпелі алқасы өтті. Барлық облыстан келген санитарлық дәрігерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Оңтүстік Қазақстанда іске асырлып жатқан қырым қанды безгегінің алдын алу және оған қарсы әдістерін талқылады.
None
None

ОҚО қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарының бірі болып табылады, мұнда қауіпті жұқпалы ауру тарататын кене өмір сүреді. «Биылғы жылғы зерттеулер бойынша облыстағы кененің 9,4 пайзыы жұқпалы. Бұл жоғары көрсеткіш», - деді ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Кеңес Оспанов.

Осы маусым басталғаннан бері кене шаққан соң 8 адам қырым қанды безгегін жұқтырған, оның екеуі қайтыс болды. Осыған байланысты аймақта аурудың алдын алу мен оған қарсы іс-шаралар кешені өткізілуде. Атап айтқанда, малдар мен үйлерді жаппай тазалау жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Сонымен қатар дәрігерлер адамдарды өзін және жақындарын аурудан қалай қорғау керек екенін үйретуде.

«Екі рет үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілді. Адамдарға жұқпалы аурудың қауіптілігі мен оған қарсы қолданылатын шаралар туралы айтылды. Плакаттар мен үндеулер, БАҚ-та ақпараттар таратылуда. 20 мыңнан астам медицина қызметкерлері алғашқы қырым қанды безгегінің диагнозын қою аттестацияларынан өтті. Ай сайын иммунданған плазма мен вирусқа қарсы құрылғылардың қоры толығып отырады», - деді ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Ысмайылов. Медицина қызметкерлері адамдарға ең бастысы - кене шаққан соң бірден дәрігерге қаралуы керек екендігін еске салады. «Біз екі өлім-жітім оқиғасын сараптамадан өткіздік. Адамдар ауруханаға келіп қаралмай, аурудың белгілері байқалса да, 3-4 күн үйлерінде жатқан», - деді Қ.Оспанов.

Үгіт-насихат жұмыстарынан кейін кене шаққан соң, дәрігерлерге қаралған адамдардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда он есеге өскен. Бүгінгі таңда ауруханаға кене шаққан 7 138 адам қаралған. «Біз көптеген адамдар ағымын қарап шықтық. Бұл жақсы, адамдар өз денсаулықтары үшін жауапкершілікті сезінуде. Біздің дәрігерлер барлығын қарап шығуға әзір», - деді Ж.Ысмайылов.

Ол сондай-ақ дәрігерге қаралу бойынша алғашқы орында Шымкент қаласының тұрғанын атап өтті. Одан кейін Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандары тұр. «Адамдарды түгелдей ақпаратпен қамту өз нәтижесін көрсетті», - деп түсіндірді облыстың бас дәрігері. Денсаулық сақтау бөлімінің өкілі Наталья Пшеничная әлемдік тәжірибе бойынша алдын алу және насихаттау жұмыстары қырым қанды безгегімен күресудің негізі болып табылатындығын қуаттады. Оңтүстік Қазақстанда сәуірдің 15-нен бастап қырым қанды безгегімен ауырған жаңа адамдар тіркелмеген, деп атап өтті мамандар.

Соңғы жаңалықтар