Шымкентте кісі өліміне соқтырған жол апатына кінәлі полиция лейтенанты ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте адам өліміне соқтырған жол-көлік апатына кінәлі полиция лейтенанты ұсталды.
None
None

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 24 жастағы Қаратау полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қайғылы аяқталған жол-көлік апатына кінәлі деп айыпталуда. Іс материалдарына сәйкес, 21 қазанда, шамамен сағат 23.30 Бәйдібек би даңғылымен келе жатқан «Мерседес-бенц» көлігінің жүргізушісі темір тұлпарын басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Ваз-21099» көлігіне соғылды.

Апат салдарынан «ВАЗ-21099» автомобиліндегі жолаушы 1965 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмды. Бұл көліктің 1963 жылы туған жүргізушісі түрлі жарақатпен жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимациясына жеткізілді. «Мерседес» жүргізушісі көлігін тастап, оқиға орнынан ізін суытты. Күдіктінің кім екенін дереу анықтады. Полиция лейтенанты қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 және 346 баптарына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар