Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік қызметіне электронды билет жүйесі енгізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін қала басшысы кореялық «KoreaSmart Card» компания өкілдерімен келісім жасасты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңір басшысының тапсырмасының негізінде ұйымдастырылған екіжақты кездесу нәтижесінде жол жүру ақысы автоматты жүйеге өтпек. Жаңа жүйені іске қосу 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Электрондық қондырғыларды орнататын инвесторлар әр билеттен тек 10 пайыз ғана пайда көретінін айтуда. Қуантарлығы, бұл қызмет түрі мұнан былай көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компанияларының жұмысына тосқауыл қойып, жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды. Яғни, бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады. Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы екі ай көлемінде электронды билет жүйесіне көшіреді. Айта кетейік, аталған жүйе «Ақылды қала» жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Бүгінде шаһарда 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1 198 кестемен қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар