Шымкентте колледж қатысушысынан ақша бопсалаған жасөспірімдер ұсталды

ШЫМКЕНТ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкентте колледж қатысушысынан ақша бопсалаған жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды. Оның сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер колледждердің бірінде оқитын 16 жастағы ұлынан 50 мың теңге ақша талап еткен. Бопсалаушыларды ұстау бойынша іс-шара өткізілді.   

«Белгіленген уақыт бойынша жасөспірім Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімен бірге Шымкент қаласындағы бильярд клубтарының біріне барды. Ақшаны беру кезінде полиция қызметкерлері қаланың колледждері мен мектептерінде оқитын 14 адамнан құрылған топты ұстады. Тінту барысында олардан 16 калибрлі шолақ мылтық, патрондары бар «ТИХ» маркалы газ тапаншасы, патрондарымен бірге «Стражник» травматикалық қаруы және пышақ алынды», - деді ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Күдіктілердің 2-еуі еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, қалғандары облыс орталығындағы мектептер мен колледждерде оқиды. Олардың үлкені 21-де, ең жасы 15-те. Анықталғандай, күдіктілер жәбірленушіден бір жыл бойы ақша алып келген, сондықтан да ол білім ордасына барудан бас тартқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 181-бабы (бопсалау) және 251-бабы (қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар