Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шымкентте Қылмыстық полиция комитетінің өкілдері қаладағы 2009ломбардтың біріне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтері бойынша, ломбардқа баса көктеп кірген қарақшылар менеджерге шолақ мылтық кезеніп, оның қолы-аяғын байлап тастап,

2 миллион 500 мың теңгені ұрлап кеткен. Бұл іс бойынша жүргізілген іздестіру жұмыстарының барысында қаланың жергілікті екі тұрғыны ұсталып, олар өздерінің қылмыстарын мойындаған. «Ал Астанада елді тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ құрықталды. Өткен жылы өздерін электр жөндеушілеріміз деп таныстырған олар қаладағы зейнеткердің үйіне кіріп, тапаншаның көмегімен кемпір мен оның немересін байлап тастап, олардың 98 мың рублі мен 150 мың теңгесін ұрлап кеткен. Аталмыш іс бойынша жүргізілген іздестіру шараларының барысында қаланың 3 тұрғыны ұсталды. Олар қалада осындай әрекет арқылы тағы бір үйдің иелерін байлап тастап, 1,5 миллион теңгесін алып кеткендіктерін мойындады», деді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар