Шымкентте медициналық мекеме аумағында атыс болды
ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияны оқиға куәгерлері шақырды. Олар мекеме алдында ер адам қару кезеніп, адамдарды қорқытқанын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
45-50 жас аралығындағы ер адам қарсыласып, тәртіп сақшыларына қатысты былапыт сөздер айтып, егер полицейлер жақындаса, оқ атам деп қорқытты.
Полицейлер құқық бұзушыны тоқтатуға тырысты, алайда ер адам қарсылығын күшейте түсті. Оны ұстаған кезде ол жерге бірнеше рет оқ атты. Нәтижесінде қылмыскер тұтқындалды. Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Бұзақы 1988 жылы туған, жұмыссыз. Ер адамнан заттай айғақ ретінде «Смерч» маркалы пневматикалық тапанша, пышақ, ұялы телефон, 2-топ мүгедегінің зейнеткерлік куәлігін тәркіледі.
Аталмыш факті бойынша полицейлер ҚР ҚК «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізуде. Күдікті тұтқындалды.