Шымкентте «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымдарының форумы өтуде
Партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ғимаратына облыстық, қалалық және аудандық филиалдардың, барлық 296 бастауыш ұйымдардың жетекшілері жиналды. Форумның жұмысына сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты төрағасының орынбасары Құмар Ақсақалов қатысуда. «Мұндай форумды біз республиканың барлық жерінде өткізіп жатырмыз. Оларда біздің халық арасындағы партия саясатын ілгері жылжытумен байланысты мәселелерді талқылаудамыз, өйткені, бұл орайда еңбек ұжымдарындағы, халық арасындағы бастауыш ұйымдардың рөлі зор», - деді ол.
Форумға қатысушылар бастауыш ұйымдар жұмысын жандандыру әдістерін талқылады. Адамдар партиялық бақылау бекеттері бар екенін білуге тиісті - Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде осындай 448 бекет құрылған, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, көптеген тақырыптық шаралар өткізілуде. Форум қорытындысы бойынша облыстың барлық партия мүшелеріне үндеу қабылданбақ.
«Бұл Мемлекет басшысының 2010 жылы партия мүшелерінің алдына қойған нақты міндеттері, патияның халықтық тұғырнамасын, «100 мектеп, 100 аурухана» және «Жол картасы» әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары болмақ. Оларды жүзеге асыруға партияда зор әлеует бар», - деді «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан филиалы төрағасының орынбасары Ұласбек Сәдібеков.