Шымкентте оқушылар аулада тұрған көлікті айдап әкеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент оқушылары қаланы аралап жүру үшін көлікті айдап әкетті.
None
None

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2001 жылы туған екі жеткіншек көлікті айдап әкетті деген күдік бар.

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне «Отырар» шағын ауданының 26 жастағы тұрғыны көлігін айдап әкеткені туралы хабарлады. Ол белгісіз біреулер оның «Опель-вектра» көлігін ауладан айдап әкеткенін айтты.

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Оқушылар көлікті қаланы аралап жүру үшін айдап әкеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айғақ зат ретінде көлік тәркіленді, жеткіншектер ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жіберілді.

Соңғы жаңалықтар