Шымкентте өртеніп кеткен «Бекжан» базарының сатушыларына өтемақы төлене бастады

ШЫМКЕНТ. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өртеніп кеткен «Бекжан» базарының сатушыларына өтемақы төлене бастады.
None
None

Оңтүстік Қазақстан әкімі баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша, өрттен зардап шеккендер әзірше 300 мың теңгеден алады деп шешілді, бұл қаражатты оларға базар әкімшілігі бөлуде.

Кеше кешқұрым облыс әкімшілігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі кеңес өткізді. Асқар Мырзахметов «Бекжан» базарының құрылтайшысы Әмірхан Шүменовпен де кездесті. Кездесу барысында ол сауда қатарларын өрттен аман қалған көлік тұрағында орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Шүменовтың айтуынша, базардың сатушылары жұмысқа бірден кірісуге дайын: жаңа оқу жылы басталар алдында саудагерлер өрттен аман қалған тауарларын сатпақшы. Ә.Шүменов базарды 2-3 айдың ішінде қалпына келтіруге әзір.

Асқар Мырзахметов базар құрылтайшысының идеясын қолдады. Оңтүстік Қазақстан әкімінің айтуынша, егер саудагерлер «Бекжанның» аумағында жұмыс істеуге келіспесе, қазіргі кезде олар үшін Шымкенттің басқа базарларында сауда нүктелері ұйымдастырылуда. Сатушыларды қабылдау тілегін қаладағы бірнеше ірі базарлардың өкілдері білдіріп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар