Шымкентте өртеніп кеткен «Бекжан» базарының саудагерлеріне көмек қаражатын жинайтын қайырымдылық қор құрылды

Оларға ақшаны базардың құрылтайшысы Әмірхан Шүменов төлеуде.
Өтемақыдан басқа, зардап шеккен сатушылар үшін қалада қайырымдылық қор ашылды. Шымкент әкімі Қайрат Молдасейітов бұл оқиғаға бей-жай қарамайтын барлық шымкенттіктерді зардап шеккен жерлестеріне көмек көрсетуге шақырды. Бірақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетовтың айтуынша, қор сауда пайда табудың жалғыз көзі болған зардап шегушілерге ғана көмектеседі.
Облыс әкімдігі мен базар басшылығының арасында көлік вокзалының аумағында жаңа сауда қатарларын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, бұл ғимарат өрттен аман қалды. Бүгін таңертең онда сауда орындарын құру жұмыстары басталып кетті. Онда шамамен 2,5 мың адам жұмыс істейтін болады. Қалғандары Шымкенттің басқа базарларына барады, онда өрттен зардап шеккендер үшін жеңілдік орындары құрылған, алғашқы уақытта олардан жалгерлік ақы алынбайды.
Қазіргі кезде базар аумағында полицейлер жұмыс істеуде. Бұл істің тергелуі ерекше бақылауда тұр. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың мәлімдеуінше, өрт қасақана тудырылғаны белгілі болды. Оны кім өрттегенін қазіргі кезде 56 тәртіп сақшысы тергеуде. ОҚО ІІД-нің басшысы Асқар Оспановтың мәліметтерінше, «Бекжанның» сатушыларынан 1200 өтініш келіп түсті. Бүгін тәртіп сақшылары өртте қаза тапқан жалғыз адамның есімін анықтады. Ол базарда сатушы болып істеген Қырғызстанның 32 жастағы тұрғыны. Оны туған ағасы таныды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттегі «Бекжан» ірі базары 3 тамызда өртеніп кетті. Өртке дейін онда шамамен 8 мың адам жұмыс істеді.