Шымкентте өткен Президенттік шыршаға 150 оқушы жиналды

ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Президенттік шырша өтті. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ғимаратында өткен Президенттік шыршаға облыстың барлық аудандарынан келген 150 оқушы жиналды.
None
None

 «Олар - жетім, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Бәрі де қатарының алды», - деді облыстық білім бөлімінің бастығы Балқия Көмекбаева.

Балалардың әрқайсысы ел Президентінен сыйлықтар: қысқы киімдер, спорт костюмдерін және мектеп құрал-жабдықтары салынған сөмкелер алды. «Президент біздерге қашан да қамқорлық көрсетіп отырады, жаңа ғана біздерді Жаңа жылмен құттықтады», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауынан кейін Әсем Жүсіпбекова.

Соңғы жаңалықтар