13:03, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шымкентте Премьер-Министрдің орынбасары Ө.Шөкеевтің қатысуымег өңірлік форум өтеді
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Дүйсенбі, қаңтардың 26-сы күні Шымкентте Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік» тақырыбында өңірлік форум өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл форумға сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовтің, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев пен «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбековтің қатысуы жоспарланған. Оңтүстік өңірдің агроөнерәсіптік кешенін дамытуды талқылауға Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының басшылары шақырылып отыр.