Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Есесіне «3-ші энергоорталыққа» тиесілі тозығы жеткен жылу жүйелері мемлекет қаржысы есебінен жаңартылмақ.
Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында Шымкентте ілкі жоба ретінде таңдалған алты үй бар. Қасбеті әрленген үйлер бірден көз тартады. Олардың шатыры жөнделіп, жылу жүйелері жаңаланды. Жедел сатылары алмастырылды. Алты үйді жаңғыртуға 343 млн теңге қаржы жұмсалған. Бүгінде қаржыны қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Шаһарда биылғы жылы тағы 210 млн теңгеге 34 көпқабатты үй жөнделді. Тұрғындардың өтінішімен көпшілігінің шатыры алмастырылып, кейбірінің сырты әрленуде. Алдағы жылға 90 үй жоспарда тұр. Тиісті орындар жаңғыртуға қатысты халықтың оң көзқарасы қалыптаса бастағанын айтады. Жаңғырту бағдарламасының басты артықшылықтары - бұл бүгінгі таңда ескірген үйлерді бұдан ары тағы да отыз-жиырма жылға шыдас беруі. Сонымен қоса, энергоүнемдеу көрсеткішін арттыру болып табылады, - дейді «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының орынбасары Қанат Икенов.