Шымкентте заманауи көліктік-логистикалық аймақ салынуда
Мемлекет басшысының макроаймақтарды қалыптастыру шеңберінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегіә тапсырмасына сйкес облыс әкімдігімен көліктік-логистикалық орталық салуға 92 га жер телімі бөлінген болатын. Оның 20 га. инфрақұрылымды салуға бағытталса, 72 га. 8 инвестициялық жобаның құрылысы қолға алынды. Бөлінген жер телімі Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан 2 шақырым, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық автомагистралінен 4 шақырым және Трансазиялық темір жол магистралінен 500 метр қашықтықта орналасқан.
Көліктік-логистикалық орталық аумағында мұздатқыш камералардан, көкөніс қоймаларынан және құрғақ қоймалардан тұратын жалпы ауданы 230 мың м2 «А» және «В» санатты қоймалары салынуда. Сонымен қатар орталық аумағында контейнерлік алаңша, кедендік терминалдар, дистрибуциялық орталық, техникалық қызмет көрсету орталықтары, кеңсе ғимараттары, тамақтану орындары және қонақ үй қарастырылған. Құрылыс 2 кезеңге бөлінген. 1 -ші кезең бойынша құрылыстар биылғы жылы аяқталады деп жоспарланған. Ал 2-ші кезең бойынша 2016 жылы аяқталатын болады. Көліктік-логистикалық орталықтың салынуы біздің облыстың 510 мың м2 қойма жайлардағы қажеттілігінің 45 % жабады және тұрақты 726 жұмыс орны құрылады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджеттен инфрақұрылымды құруға 1,5 млрд. теңге инвестициялар бөлінген. Жалпы тартылған жеке инвестициялар 24 млрд. теңгені құрайды. Көліктік-логистикалық аймақтың қызметі барысында мемлекеттің бюджетіне жыл сайын салық төлемдері және басқа да аударымдар түрінде 900 млн. теңгеге жуық төленеді.
Сонымен қатар облысымыздың қалалары мен аудандарында көліктік-логистакалық орталықтарды құру бойынша жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі күнге Мақтарал ауданында - 19 га, Сарыағаш ауданыда - 10 га, Түркістан қаласында - 20 га жер телімдері бөлініп, логистикалық орталықтардың құрылысы басталды. Осы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауданы 80 мың м2 болатын қойма жайлар салынбақ, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.