19:00, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Шымкентте жаңа жылдан бастап әкімшілік-іскерлік орталығы салына бастайды
ШЫМКЕНТ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2012 жылы Шымкентте әкімшілік-іскерлік орталықтың (ӘІО) құрылысы жоспарлануда.
Бұл туралы журналистермен қорытынды кездесуінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов хабарлады.
Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, ӘІО дендропарк ауданында бой көтереді, ол облысқа қажетті бірқатар ғимараттардың санатынан саналады.
Сондай-ақ орталықта облыстық Салтанат сарайы, «Түркістан» киноконцерт залы салынатын болады.
Сонымен бірге әкім ӘІО-тың аумағында орыс драма театры, кітапхана және көрме кешені салынатын атап өтті. Атом өндірісі саласы үшін медицина мамандарын дайындайтын қазіргі заманғы колледждердің құрылысы жоспарланып отыр. Айта кетейік, осы жерде 5 мың адам сиятын мешіт бой көтереді. Басқа да коммерциялық нысандардың құрылысы жоспарлануда.