Шымкентте жаңашыл ұстаздардың республикалық форумы өтті

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген мұғалімдер жиналды. Форум бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді: әлемнің түрлі елдері мен аймақтарындағы білімнің даму стратегиясы: ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейлер; қазіргі ғаламдық мәселелерді шешу үшін білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық: жаһандық бәсекелестіктен бүкіләлемдік интеграцияға дейін; қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім жүйесіне кірігуі.
Форум М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қабырғасында өтіп жатыр. Аталмыш оқу орнының ректоры Жұмахан Мырхалықовтың айтуынша, қазір мектептерде электронды оқыту формасы енгізілуде және бұл ұстаздың мәртебесі мен рөлін түбегейлі өзгертеді. Мұғалім мектепте білім беретін адам ғана емес, ол оқушыны білімді өзі іріктеп, бойына сіңіріп алуға үйрететін менеджер болуы тиіс.