Шымкентте Жеңіс күні салтанатты митингпен және Даңқ мемориалы жанындағы аймақтық гарнизонның шеруімен аталып өтілді

ШЫМКЕНТ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Жеңіс күні салтанатты митингпен және Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалы жанындағы аймақтық гарнизонның шеруімен аталып өтілді.
None
None

Жыл сайын 9 мамырда бұл жерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылады. «Бүгін біз осы жарқын мерекемен 1 133 ардагерді құттықтап отырмыз. Өкінішке орай, жыл өткен сайын олардың қатары сиреп бара жатыр, өткен жылы біз 279 ардагерден айрылып қалдық», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүнісбек Мәуленқұлов.

Жиналған ардагерлерді мерекемен ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов, ардагерлер одағы мен жастар өкілдері құттықтады. Одан кейін Даңқ ескерткіші мен Еске алу аллеясына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар