Шымкентте Жеңістің 65 жылдығына арналған Даңқ Мемориалы салтанатты түрде ашылды

ЫМКЕНТ. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Жеңістің 65 жылдығына арналған Даңқ Мемориалы салтанатты түрде ашылды. Абай атындағы саябақта осы оқиғаға байланысты салтанатты шара болып өтті.
None
None

Мемориал өзара бір композицияға жиналған ескерткіштер қатарынан тұрады. Ол көп жылдар бұрын салынған және толығымен жөндеуден өткен «Мәңгілік алау ескерткішінен» басталады. 140 000-нан астам есім жазылған жан-жағындағы тақтайшалардың көлемі 200 метр болатын Даңқ Аллеясы композицияны жалғастырады.

«Бұнда біздің облыстан майданға кеткен барлық оңтүстікқазақстандықтардың есімі мәңгілікке жазылған. Олардың тең жартысы Ұлы Отан соғысынан қайтып оралмады», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов. Барлық соғысқан жерлестердің есімін қара гранитке түсіру Асқар Мырзахметовтің ұсынысы. Ол ұсынысты облыстың барлық кәсіпкерлері қолдап, жалпы құны 220 млн. теңге болған ескерткіштің құрылысына ақша бөлген.

Кешеннің орталығында - «Жұлдыз» ескерткіші орналасқан. Қызыл гранитте - 51Кеңес Одағының Батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерлерінің есімі жазылған. Композицияны кәдімгі жауынгерлік ұшақ жалғастырып тұр.

ОҚО әкімі А.Мырзахметов 40 ардагерге мемлекеттік марапаттар табыстады - «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және ҚР марапат қағаздары. Шығармашылық ұжымдар ардагерлерге арнап Кеңес әскері жайлы сахналық қойылымдар ұсынды. Ескерткіштің ашылу рәсімінен кейін ардагерлерге Отан соғысы кезіндегідей майдан асханасынан жауынгер ботқасы берілді.

Соңғы жаңалықтар