Шымкентте Жеңістің 65 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан полициясының мұражайы ашылды

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Жеңістің 65 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің мұражайы ашылды.
None
None

«Жалпы ауданы 350 шаршы метрді алып жатқан төрт көрме залында оңтүстікқазақстандық полицияның бүкіл тарихы таныстырылып отыр. Мұражайдың салтанатты ашылуына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Ақмаржан Мырзахметова.

Облыстың ішкі істер органдары ардагерлерінің қатарында бүгінде 31 Ұлы Отан соғысына қатысушы бар. Олардың арасында облыс мақтанышы - соғыс және ішкі істер органдарының ардагері, Даңқ орденінің толық иегері, милиция майоры Қарабай Қалтаев бар. Полицейлер сондай-ақ, өз қатарларында қызмет еткен 61 тыл еңбеккерін де мақтан тұтады.

Соңғы жаңалықтар