Шымкентте жер комитетінің бұрынғы қызметкері жалған құжат жасау арқылы «жеке бизнес» жасаған

ШЫМКЕНТ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте бірнеше алаяқтық фактілері бойынша күдікті адам ұсталды.
None
None

Оңтүстік Қазақстандағы облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны жалған құжаттарды жасаумен айналысқан, дейді ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының тергеушілері. Ұсталған азаматтың бұрын жер комитетінде қызмет атқарғаны анықталды.

Жұмыстан шығарылған соң пысық азамат жеке «бизнесін» ашуға бел буады - құжат беретін астыртын кеңсе ашып алады. Ер адам қылмыс жасау үстінде - клиенттердің бірі оған ақша беріп жатқан сәтінде ұсталды. Ұсталған азамат жалған құжаттар: жер актілері, мүлікті заңдастыру туралы актілері үшін 50 мың теңге алып келген. Оның пәтерінен полицейлер 6 дайын жер актісін, 48 бос бланкіні, 7 мөр және әкімдердің 5 шешімін тапқан.

Қазіргі уақытта тергеу енді ғана басталды, полицейлер ұсталған азаматтың қанша жалған жер актісін сатып үлгергенін анықтауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар
Референдум