12:22, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Шымкенттегі балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері Жапония халқы үшін 49 000 теңге жинады
ШЫМКЕНТ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкенттегі балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері қолдан жасалған бұйымдардың қайырымдылық көрме-жәрмеңкесін өткізді.
«Біздің мақсатымыз - жер сілкінісінен зардап шеккен Жапония халқына көмек көрсету», - дейді орталықтың директоры Наталья Романова.
Оның айтуынша, балалар бұл тапсырмаға аса жауапкершілікпен қараған. «Қазақстанның балаларынан - Жапония балаларына» атты ұранмен өткен акция қала орталығында өтті.
Қала азаматтары балалардың бастамасын қолдап, бұйымдарды сатып алғанын айта кету керек. Акцияның соңында 49 000 теңге жиналды, енді орталық басшылығы Жапонияның арнайы есепшоты үшін бұл қаражатты ЮНЕСКО-ға жібереді.