Шымкенттегі галереядан тұңғыш рет жергілікті суретшілердің картиналарын сатып алуға болады

ШЫМКЕНТ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Алғаш рет шымкенттік галереядан жергілікті суретшілердің картиналарын сатып алуға болады, мұнда оңтүстікқазақстандық авторлардың көрмесі ашылды.
None
None

«Негізгі мақсат - біздің ауданымыздың меценаттарымен жұмыс жүргізу. Қазіргі уақытта суретшілер мен өнерді бағалаушыларының арасында қатынас құру қажеттілігі тұр, түрлі жанрлар мен бағыттардағы картиналарды сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру керек», - деді көркем галереясынынң директоры Айнабек Оспанов.

«Сатуға 200-ден астам жұмыс қойылған. Олардың арасында атақты суретшілер - Қазақстан суретшілер одағының, халықаралық шығармашылық бірлестіктер мен қорлардың мүшелері, сондай-ақ көркемдік училище студенттерінің суреттері бар. Картиналардың бағасы 1 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін. Жұмысын сатқан кезде автор оның бағасының 10 пайызын галерея қажеттіліктеріне береді. Көрме 5 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар