Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы екінші деңгейлі банктермен меморандум жасасты

  ШЫМКЕНТ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы екінші деңгейлі банктермен меморандум жасасты. Енді оңтүстіктегі бизнесмендерге несие алу жеңілірек болады. Осының барлығы ынтымақтастықтың жаңа әдісінің арқасында мүмкін болды.
None
None

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге де, әрі тәжірибелі бизнесмендерге де көмек көрсету мақсатында құрылды. Меморандум - бұл мақсатқа жетудің алғашқы қадамдарының бірі. КҚКО-ның директоры Нұржан Әлтаевтың айтуынша, енді бизнесмендерге барлық қажетті құжаттарды қағаз күйінде ұсыну міндетті емес болады, ол үшін бірден банктерге жіберілетін электрондық нұсқасы жеткілікті.

Орталықта қаржы институттарымен онлайн-бейнебайланыс орнатылды. Осының барлығы банктерде қарыз алу кезінде уақыт пен құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстан бизнесмендер саны бойынша көшбасшы екенін атап өтейік. Жұмыстың бірінші айында-ақ Орталыққа үш жүзден астам кәсіпкер келді. Олардың екі жүзі несиеге мұқтах екендерін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар