Шымкенттегі жас сарбаздар антын ҚР Ішкі әскерінің құрылуы мерейтойына арнады

ШЫМКЕНТ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент қаласындағы 6506-әскери бөлімнің 500-ден астам жас сарбазы Отанға адалдыққа ант қабылдады.
None
None

Өздерінің бір жылдық өмірлерін олар мерзімді әскери қызметкердің алдында тұрған міндеттерін атқарумен өткізетін болады.

6506-әскери бөлімнің баспасөз хатшысы Әлфия Ахметжанованың түсіндіруінше, «бұл жаңа жылдағы бірінші әскери қызметке шақыру болып табылады. Ол бүгін, 10 қаңтар күні атап өтілетін ҚР Ішкі әскері құрылуының 20 жылдығына арнады».

Әскери бөлім міндеттерінің қатарына Шымкент қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жоюға қатысу кіреді. Әскер қатарына шақырылған Ербол Айнахановтың анасы әскердегі қызмет - әрбір қазақстандық азаматтың парызы деп санайды. «Отбасымызда әрбір бала міндетті түрде әскерге барады деп шештік. Өйткені ол біздің республикамыздың әрбір азаматының борышы. Мен баламның өз халқының ұлы екендігін мақтанышпен айта аламын», - деді баласы ант қабылдағаннан кейін Тәттігүл Тынымова.

Соңғы жаңалықтар