Шымкенттен Новосібірге бағыт алған 22 жолаушысы бар халықаралық автобус жыраға түсіп кетті

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкенттен Новосібірге бағыт алған, ішінде 22 жолаушы отырған халықаралық автобус жыраға түсіп кетті,
None
None

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

 Ауа райының нашар жағдайына (көктайғак, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты 11 желтоқсан күні 112 нөміріне Павлодардағы Железнодорожный кентінің жанында «Шымкент-Новосібір» бағыты бойынша жол жүріп келе жатқан «Мерседес» автобусының жыраға түсіп кеткені туралы хабарлама түсті.

Автобустың ішінде 22 жолаушы отырған еді, олардың барлығы Жетекші ауылының орта мектебіне көшірілді. Автобус жолға сүйретіліп шығарылып, қозғалысын Павлодар көлік вокзалына жалғастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жол апаты орнына ҚР ТЖМ ЖҚЖ-ның 4 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-гі 4 адам мен 1 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар