Шымкенттіктерді шулатып келген қылмыстық топ құрықталды - ІІМ

Н. Ораздың мәліметінше, тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілер биылғы наурыз айында түнгі сағат 3-те Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылындағы 25 жасар азаматтың үйіне басып кіріп, пышақпен қорқыту арқылы 3 ұялы телефон мен жалпы сомасы 850 мың теңгені құрайтын алтын әшекейлерді қолды қылғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, 10 сәуір күні Шымкент қаласындағы тағы бір отбасы аталған қылмыстық топтың шабуылына тап болған. Таңғы сағат 4-те Казправда көшесіндегі үйге басып кірген қарақшылар үй иесінің жұбайының, 20 жасар жиен қызының және кішкентай бүлдіршінінің қол-аяғын скотч жабысқақ лентасымен матап тастап, ұялы телефон, 10 мың теңге және «Ниссан-премьера» маркалы автокөлікті иемденіп кеткен.
«Қазіргі таңда тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру мен тергеу шараларын әрі қарай жалғастыруда», - деп атап өтті Н. Ораз.