Шымкенттің орталығындағы сауда үйінің жертөлесінде заңсыз ойынхана жұмыс істеп келген

ШЫМКЕНТ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталығындағы сауда үйінің жертөлесінде заңсыз ойынхана жұмыс істеп келген.
None
None

Мұнда заңсыз қызмет жүргізіліп отырғанын анықтауға жедел-іздестіру шаралары көмектесті. ОҚО қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметтерінше, айғақ дәлелдер ретінде 2 электрондық рулетка, 30 ойын автоматы мен 20 мың теңге тәркіленді.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу алдындағы тексерістер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум