Шыңғырлау ауданы зардап шеккендер қорына 2 млн. астам теңге аударды

ОРАЛ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданы өңірдегі тасқын судан зардап шеккендер қорына 2 млн. 54421 теңгені аударды.
None
None

Бұған бір күндік жалақыларын берген аудан әкімінің аппараты бастаған бюджеттік мекемелер өз үлестерін қосты. Осындай істен БҚО қазынашылық департаменті мен оның аудандық басқармалары да шет қалған жоқ. Олар 552768 теңге көлеміндегі бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударды. Мұның алдында БҚО әкімі аппараты, облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымдары көмек қолын созған болатын.

Соңғы жаңалықтар