Шыңғырлауда белгілі боксшы Е.Ешекеновті еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді - БҚО
Осымен жиырма бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Ақтау, Атырау, Құлсары, Ақтөбе, Оралдан, БҚО аудандарынан, сондай-ақ Ресейдің Орск, Орынбор, Соль-Илецк, Салауат (Башқұртстан), Ижевск (Удмуртия) қалаларынан 17 команда қатысты. Боксшылар төрт жас ерекшеліктеріне қарай 12 салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шықты. 2001-2002 жылғы балалар арасында шыңғырлаулық Илья Киселев, Ақжайық ауданынан Армат Маратов, 1999-2000 жылғылардан Манарбек Молдағалиев пен Әлішер Бұланаев (екеуі де Ақжайық ауданынан), Абай Тұралиев (Орал), Мұрадым Қанатов (Зеленов), Жандос Қуанышев (Шыңғырлау), 1997-1998 жылғылардан Қанат Меңжанов пен Әлібек Көзбаев (екеуі де Шыңғырлаудан), Данат Қарымсақ (Атырау), Иван Матыцин (Орск), 1995-1996 жылғылардан Азиз Тажиев (Салауат), Рафис Бикитеев пен Эрик Сағындықов (екеуі де Шыңғырлаудан) жеңімпаз атанды. Барлық жүлдегерлер медаль-дипломдармен марапатталды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесін кезінде Еділ Ешекеновтің салмағы болған 46 келіде үздік шыққан Әлібек Көзбаев иеленді.