11:18, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Шыңғырлауда Қазақстан халық әртісі, белгілі күйші-композитор Т.Шәмелов өнер көрсетті
ОРАЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданы орталығында Қазақстан халық әртісі, белгілі күйші-композитор, Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқберді Шәмелов өнер көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылы Т.Шәмелов атақты оркестрдің 75 жылдығына орай ауданға келсе, бұл жолы арнайы шығармашылық сапармен ат басын бұрды. Күйші Асан қайғы, Мәмен, Дәулеткерей, Дина, Нұрғисалардың туындыларын орындап қана қоймай, аудан жұртшылығына өзі жазған «Шұрайлы Шыңғырлауым» әнін тарту етті.
Аудан әкімі Марат Тоқжанов күйші-композиторға ел ықыласын жеткізіп, жаңа табыстар тіледі.