10:40, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Шыңғырлауда қос қабатты жиырма үй жөндеуден өтті - БҚО
ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына сәйкес Шыңғырлау ауданы орталығында қос қабатты 20 үй толық жөндеуден өтті.
Аудан әкімі Алдияр Халеловтың айтуынша, аталмыш бағдарламаға сәйкес ауданға 108 млн. теңге несие бөлінген болатын. Бұл қаржы игерілді. Үйлердің төбесі, кіреберістері жөнделіп, жаңа есік-терезелер қойылды. Қасбеттері де жарқырап тұр. Бастапқыда тұрғындар бұған күмәнмен қарағанмен, алғашқы үйлердің жөнделгенін көргеннен кейін келісімге өздері қол қоя бастады.
Алдағы уақытта тұрғын үй аула-аумақтарын ретке келтіру, балалар алаңдарын жасақтау да ойластырылуда.