12:25, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Шыңғырлауда майдангер Н.Шишкиннің 85 жасқа толуы аталып өтілді
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданында Ұлы Отан соғысы ардагері, Даңқ орденінің иегері Николай Шишкиннің 85 жасқа толуы аталып өтілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Майдангерді аудан әкімі Марат Тоқжанов бастаған аудан басшылары, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғұсман Дәулетов құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Николай Викторович соғыс туралы естеліктерімен бөлісіп, биыл қыста Ленинград қоршауын бұзуға қатысқан Карел майданы ардагерлерінің слетіне қатысып қайтқандығын айтты. Майдангер әлі тың, өзінің айтуынша, әке-шешесі жүзге дейін өмір сүрген. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа риза. Сондықтан өзінің де ұзақ ғұмыр кешетініне сенімді.