Шыны шығару зауыты құрылысының жобасы инвестор іздейді

АҚТӨБЕ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбе облысының әкімдігінде облыстың индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша отырыс болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Күн тәртібі бойынша 2008 жылға арналған облыстың индустриалдық-инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасының және 2009 жылға арналған міндеттердің қорытындылары шығарылды, тот баспайтын болат шығару және табақша әйнектер өндірісі зауыты құрылысының инвестициялық жобаларын дамыту келешегі, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламаларын әзірлеу бойынша мәселелер қаралды.Кеңес төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова экономиканы индустрияландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақтөбе технопаркінің жұмысын жандандыру қажеттілігін айтты.Кеңес мүшесі «АЗНТ» ЖШС-ның бас директоры Ян Тампаев аймақта шыны шығаратын зауыт құрылысын салу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізіді, бұл жоба келешекте өзімен бірге тұтас кластерді қамтитын болады.Кеңес мүшелері кластерлік жобаға қолдау көрсету қажет деген ұйғарымға келді.
Соңғы жаңалықтар