12:38, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Шыңжанда қазақ мәдениеті мен өнерінің «Айтыс» фестивалі өтті
БЕЙЖІҢ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - ҚХР ШҰАӨ-інің Іле Қазақ автономиялық облысының Күйтін қаласында қазақ мәдениеті мен өнерінің ІІІ «Айтыс» фестивалі өтті.
Шараға Күйтін қаласының танымал ақындары мен Іле педагогокалық институтында суырып салма өнерін игеріп жатқан студенттер қатысты.
Шыңжан басшылығы осы қазақ халық өнерінің дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Фестивальдің ашылу салтанатында ШҰАӨ халықтық саяси консультациялық кеңесінің төрағасы Асхат Керімбай сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы қазақ айтысы мемлекеттік деңгейдегі Шыңжан материалдық емес мұрасының тізіміне енгізілген болатын.