Шырайлы Шымкенттен - шұғылалы Шығысқа керуен аттанды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін облыстың диқандары ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген керуенді аттандырған. Осыған орай, Өскемен қаласындағы жәрмеңкеге бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілмек. Атап айтқанда, үндік еті - 10 тонна, қызанақ - 12 тонна, қияр - 12 тонна, болгар бұрышы - 15 тонна, көк сөк - 3, асқабақ - 10 тонна, алма-алмұрт - 30 тонна, жүзім - 20 тонна, қауын-қарбыз - 10 тонна, кептірілген жеміс - 3 тонна, жаңғақ, күріш - 6,5 тонна. Өнімдердің барлығы нарықтағы базар бағасынан 10-20%-ға дейін арзандатылған бағада сатылатын болады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы филармониясының ұжымы да жәрмеңке басында өскемендіктерге концерттік бағдарлама ұсынбақ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбеков керуенді бастап жолға шыққандарға сәт сапар тіледі.